×
513.45
596.99
6.59
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
513.45
596.99
6.59

Қазақстанда көлік арзандаған

Бүгін, 13:07
Қазақстанда көлік арзандаған
Ulysmedia.kz коллажы

2025 жылдың соңғы айларында Қазақстандағы дерлік барлық автосалон отандық жинақтағы көліктердің бағасы арзандағанын мәлімдеді. Бөліп төлеу немен байланысты және жарнамаларға сенуге бола ма? Бұл сұраққа үкімет мүшелері жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Үкімет отырысынан кейінгі брифингте журналистер өнеркәсіп және құрылыс министріне автокөліктердің бағасының төмендеуі туралы жарнамаларға сенуге бола ма деген сұрақ қойылды.

- Мен Қазақстандағы автозауыттардың иелерімен сөйлескенде, зауыт басшылығы өз өндірісімен мақтанатынын және өндіріс көлемі артқандықтан әртүрлі акциялар мен жеңілдіктер ұсынатынын айта аламын, – деді Ерсайын Нағаспаев.

Министр мұндай бастамаларды қолдайтынын атап өтті.

ЖЕКЕ ТӘЖІРИБЕ

Қазақстанның өнеркәсіптік инвесторлар одағының президенті Қайрат Еламанов та автокөліктердің бағасының төмендеуі – автожасау саласының маусымдық акциялары екенін растады. Ол қазақстандықтарды осы мүмкіндікті пайдалануға шақырды.

- Жыл соңына қарай акциялар басталады, олар көліктер келесі жылға қалмас үшін биыл жиналған көліктерді сатуға бағытталады. Мен де бір кездері солай автокөлік сатып алғанмын, өте тиімді болды, – дейді Қайрат Еламанов.

Серіктес жаңалықтары