×
513.45
596.99
6.59
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
513.45
596.99
6.59

Украинада барлау жүргізген британдық агент ұсталды

Бүгін, 21:40
Украинада барлау жүргізген британдық агент ұсталды
Ашық дереккөзден

Украина қауіпсіздік қызметі мен британдық арнайы қызметтер Ресей тапсырмасын орындаған әскери нұсқаушыны әшкереледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Украина қауіпсіздік қызметі британдық арнайы қызметтермен бірлесіп, 2024–2025 жылдары Украина қарулы күштерінің сарбаздарын оқытқан әрі Ресейдің пайдасына барлау жүргізген Ұлыбритания азаматын ұстады. Қазір ол қамауда отыр. 

Баспасөздің жазуынша, Дэвид Катмор 2024 жылы Украинаға әскери нұсқаушы ретінде келген. Бұған дейін ол Ұлыбритания армиясында қызмет етіп, Таяу Шығыстағы операцияларға қатысқан.

Журналистердің дереккөздері Катмор Украинада барлау-диверсиялық әрекеттермен айналысқан болуы мүмкін екенін айтады. Тергеу болжамына сәйкес, Ресейдің арнайы қызметтері оған қару-жарақ пен оқ-дәрілерді жеткізіп отырған. Бұл құралдар ел ішінде «нысаналы кісі өлтірулерге» пайдаланылуы ықтимал. СБУ мәліметінше, Катмор қоғам қайраткері Демьян Ганулды, сондай-ақ саясаткерлер Ирина Фарион мен Андрей Парубийді өлтіруге қатысқан қылмыскерлерге қару жеткізуі мүмкін.

ҚАСТАНДЫҚПЕН ӨЛТІРІЛГЕН

Украина Жоғарғы Радасының бұрынғы депутаты, орыс тіліне қарсы көзқарасымен белгілі саясаткер Ирина Фарионға 2025 жылдың 19 шілдесінде Львов қаласында, Масарик көшесіндегі үйінің жанында қастандық жасалды. Ол ауыр жағдайда ауруханаға жеткізіліп, отадан кейін ми комасына түсті. Львов облыстық әскери әкімшілігінің басшысы Максим Козицкий:

«Дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, Ирина Фарионды құтқару мүмкін болмады», – деп мәлімдеді.

Сол жылдың 30 тамызында Козицкий Украина Жоғарғы Радасының бұрынғы төрағасы Андрей Парубийдің де қастандықпен өлтірілгенін хабарлады.

Серіктес жаңалықтары