×
513.45
596.99
6.59
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
513.45
596.99
6.59

Жұмсақ ірімшік алып кіргу болмайды - ұшаққа тыйым салынған заттар

Бүгін, 22:10
Жұмсақ ірімшік алып кіргу болмайды - ұшаққа тыйым салынған заттар
Әлеуметтік желіден

Саяхат алдында құжаттар мен билеттерді ғана емес, қол жүгін де мұқият тексеріңіз. Көпшілікке қауіпсіз болып көрінетін кейбір тағамдар мен заттар ұшаққа кіргізуге тыйым салынған болуы мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Daily Express басылымының жазуынша, Fulton Umbrellas қызметінің мамандары жиі кездесетін ережелерді еске салды. Бұл талаптар тіпті тәжірибелі жолаушыларды да таңғалдырады.

Ең басты шектеу – 100 миллилитрлік норма. Ол тек сұйықтықтарға ғана емес, жұмсақ немесе паста тәрізді өнімдерге де қатысты.

ЖҰМСАҚ ІРІМШІІКТЕР

Жұмсақ ірімшіктерге сұйықтық сияқты талап қойылады: көлемі 100 миллилитрден аспауы тиіс. Ал шын мәнінде дүкендегі стандартты қаптамалар бұл лимиттен асып кетеді. Сондықтан мұндай өнімдерді алдын ала багажға салған дұрыс.

ДЖЕМ, СОУС, КРЕМ

Жеміс джемдері, соустар, пасталар, чатни және крем тәрізді кез келген тағамдар сұйықтық болып есептеледі. Егер құтысы 100 миллилитрден асса, оны салонға кіргізуге болмайды.

СҰЙЫҚ МАРИНАДТАҒЫ КОНСЕРВІЛЕР

Зәйтүн, антипасти немесе майға салынған көкөністерді алып жүру де қауіпті. Маринад, май, тұздық немесе тұзды суы бар кез келген консервілер сұйықтық ретінде қаралып, қол жүгінде өткізуге рұқсат етілмейді.

КОСМЕТИКА: КРЕМ ЖӘНЕ ГЕЛЬ

Бұл шектеу косметикаға да қатысты: майлар, лосьондар, ылғалдандырғыш кремдер мен гельдер. Құтысы шағын көрінгенімен, көлемін тексеру қажет – 100 миллилитрден аспауы тиіс. Артық болса, бақылау кезінде тәркіленеді.

ПРОТЕИН ҰНТАҒЫ

Ұнтақтар сұйықтық ережесіне кірмесе де, оларды жиі тексеруге шығарады. Себебі сканерде ұнтақ заттар анық көрінбейді, бұл қосымша тексерістерге әкеледі. Уақыт жоғалтпау үшін протеин ұнтағын тіркелген багажға салған жөн.

Серіктес жаңалықтары