×
513.45
596.99
6.59
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
513.45
596.99
6.59

Кавер емес, қабір шоу - әнші Аргоня сынның астында қалды

Бүгін, 23:40
Кавер емес, қабір шоу - әнші Аргоня сынның астында қалды
Әлеуметтік желіден

Аргоня есімімен танымал эстрада әншісі Арғын Аусаров ән авторының қатаң сынына ұшырады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Әнші Арғын Аусаров “Хабар” телеарнасында көрсетілетін телешоуда Ханбибі Есенғараеваның сөзіне жазылған Құралай Сәтмұхамбетованың “Алтынай” әнін орындаған. 

“Ханбибі Есенқараеваның сөзіне жазылған менің "Алтынай" әнімді бүлдіріпті ғой мына жігіт. Әннің қайырмасы мүлде жоқ. Осындай кавер кімге керек болды екен? Қазақ өнеріне жаны ашиды-ау деген Мейрамбек Беспаевтың "Кавер-шоуына" "рахмет"! Не масқара мынау?”- дейді сазгер. 

Аусаров әннің ырғағын заманауи стильге өзгерткен. Ал әннің қайырмасында шет тіліндегі басқа әнді қосқан. 

ЖЕЛІ ҚОЛДАНУШЫЛАРЫНЫҢ РЕАКЦИЯСЫ

Желі қолданушылары авторды қолдап пікір білдірген. 

“Ал, енді осыған бірдеңе десең “жастардың стилі, осылай дамыту керек” дейді бір білгіштер”- деп жазған Орал-Қосай Байсеңгір есімді қолданушы. 

Пікір жазғандардың арасында елге белгілі азаматтар да бар. 

“Шыныменде қабір шоу болған екен. Әннің не жазығы бар? Бұл әнді кезінде мен жеткізген едім домбырамен. Әннің табиғатынан, сазды әуенінен түк қалмапты” – дейді Рамазан Стамғазиев. 

Желі қолданушыларының арасында әншіні авторлық құқықты бұзғаны үшін сотқа беру керектігін айтып кеңес бергендер де бар. 

Серіктес жаңалықтары