×
508.2
589.82
6.54
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
508.2
589.82
6.54

«Популизм көбейіп кеткен»: Әлихан Байменов мемлекеттік аппарат туралы

Бүгін, 15:12
«Популизм көбейіп кеткен»: Әлихан Байменов мемлекеттік аппарат туралы
Видео кадры

Қоғам қайраткері Әлихан Байменов қазіргі мемлекеттік басқару жүйесінде нағыз мемлекетшіл тұлғалардың тапшылығы сезіліп отырғанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Әлихан Байменовтың пікірінше, әрбір үкімет ерекше жағдайда жұмыс істейді – екі кабинетті барлық жағынан толық салыстыруға болмайды. Ол мұны әртүрлі бастапқы мүмкіндіктермен және геосаяси жағдаймен түсіндіреді. Алайда, оның айтуынша, жедел жеңістерге ұмтылу барысында бұзылып жатқан базалық қағидаттар бар.

— Елдердің ұзақмерзімді дамуының басымдықтары мен саясаткерлердің қысқамерзімді мүдделері арасындағы қайшылық. Бұл — популизм деңгейінің өсуі. Ал мұндай мәселелер мына тұрақты айтылатын сөзден туындайды: саясаткер келесі сайлауды ойласа, мемлекеттік қайраткер келесі ұрпақты ойлайды. Бүгінгі әлемде мемлекеттік қайраткерлердің тапшылығын көріп отырмыз, — деді ол Данат Жуминге берген сұхбатында.

ӘЛИХАН БАЙМЕНОВ

Айта кетейік, Әлихан Байменов әр жылдары ол Президент әкімшілігінің басшысы, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметтерін атқарған. 2014 жылдан бері Мемлекеттік қызмет саласындағы Аймақтық хабтың басқарушы комитетінің төрағасы.

Серіктес жаңалықтары