×
503.89
587.54
6.48
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
503.89
587.54
6.48

Түркістан облысында 7 минуттық роликке 100 миллион теңге бөлінген

Бүгін, 11:15
Түркістан облысында 7 минуттық роликке 100 миллион теңге бөлінген
Ролик түсіру керек болған «Ұлы Дала Елі орталығы» ғимаратының сыртқы макеті / фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысында 7 минуттық тарихи ролик түсіруге 100 миллион теңге бөлінген, деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

Kursiv.media сайтының жазуынша, 7 минуттық роликті жасауға «Ұлы Дала Елі орталығы» мекемесі «G7 Exclusive» ЖШС-ға тапсырыс берген.

Видеоматериал арнайы голографиялық шоу-залда көрсетіледі. Келісім-шартқа сәйкес, материалды осы жылдың соңына дейін аяқтауы керек болған.

Даудан кейін облыс әкімдігі роликке қатысты хабарлама таратты. Онда әкімнің келісім-шартты тексеруге тапсырма бергені айтады.

«Облыс әкімі Нұралхан Көшеров аталған шарттың жасалған жағдайларын жан-жақты тексеруді, соның ішінде қажетті рәсімдердің сақталуын және бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етуді тапсырды», – деп жазылған облыс әкімдігінің хабарламасында.

Мәдениет басқармасының мәліметінше, видеоролик Қазақстан тарихын ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейін түрлі көркемдік формалар арқылы көрсетуі тиіс.

Серіктес жаңалықтары