Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ғимаратының ішінара жөндеуге бюджеттен миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінгенін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Бұл туралы өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов ОҚК-де өткен баспасөз конференциясында Ulysmedia сұрағына жауап бере отырып мәлімдеді. Оның айтуынша, жөндеу облыс әкімдігінің екі қабатын және шатырын қамтыған. Бюджет тапшылығы кезінде мұндай шығындардың қажеттігі туралы сұраққа әкім ғимарат 1950 жылдан бері жөнделмегенін айтты.
– Бұл ғимарат 1950 жылы салынған. Ешқашан жөндеуден өтпеген. Мұнда мемлекеттік қызметшілер жұмыс істейді, және ғимаратта орналасқан басқармалардың шамамен 70%-ында адамдар күн сайын жұмыс істейді.
– Ғимараттың тұрғанына 45 жыл болған, бір рет те жөндеу жасалмаған. Ішкі жөндеуді тек екі қабатта ғана жасадық, себебі қалғанына қаржы жетпейді. Сыртқы жағынан шатыр мен іргетасының инженерлік коммуникацияларын жөндедік, олар қатты тозған еді. Бұған барлық актілер мен құжаттар бар, — деді әкім.