×
503.89
587.54
6.48
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
503.89
587.54
6.48

Қара шәй да кіреді - әлеуметтік тауарлар тізімі кеңейеді

Бүгін, 23:40
Қара шәй да кіреді - әлеуметтік тауарлар тізімі кеңейеді
Ulysmedia коллажы

Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізімін кеңейту туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ЖОБА ҚОҒАМДЫҚ ТАЛҚЫЛАУҒА ШЫҒАРЫЛДЫ

«Ашық нормативтік-құқықтық актілер» порталында жаңа бұйрық жобасы жарияланып, қоғамдық талқылауға ұсынылды. Қазіргі таңда тізімде 19 тауар бар, оны 33-ке дейін арттыру ұсынылуда.

ЖАҢА ӨНІМДЕР ТІЗІМІНЕ ЕНУІ МҮМКІН

Жаңартылған тізімге енгізілетін өнімдер:

  • қызанақ, қияр, алма;
  • сиыр еті (сүйекті және сүйексіз), тартылған ет, қой еті, жылқы еті;
  • балық (жаңа, салқындатылған және мұздатылған түрлері);
  • ультрапастерленген сүт, қаймақ, қатты ірімшік;
  • қара шай.

МИНИСТРЛІКТІҢ ТҮСІНІКТЕМЕСІ

«Әрбір өнім бизнес қауымдастығымен, кәсіпкерлер палатасымен және мемлекеттік органдармен жеке талқыланады. Тізімді кеңейту – уақытша шара. Ол баға белгілеудің ашықтығын қамтамасыз етуге және делдалдардың негізсіз үстеме қосуын болдырмауға бағытталған», – делінген ресми хабарламада.

Тізімге енген тауарлар бойынша жеткізушілер сауда желілеріне сыйақы мен «ретробонус» төлеуден босатылады. Бұл тұтынушылар үшін соңғы бағаны төмендетуге көмектеседі. Сонымен қатар бизнеске мемлекеттік қолдау көрсетіледі: тасымалдау тарифтерінде жеңілдік және айналым қаражатына қолжетімділік беріледі.

ҚОҒАМДЫҚ ТАЛҚЫЛАУҒА ШАҚЫРУ

Сауда және интеграция министрлігі барлық азаматтарды, сарапшыларды және кәсіпкерлерді бұйрық жобасын талқылауға қатысуға шақырды.

ЖАҢАРТЫЛҒАН ТІЗІМ

Егер қосымша тауарлар енгізілсе, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының толық тізімі мынадай болады:

  1. Бірінші сортты бидай ұны
  2. Бірінші сортты бидай ұнынан пісірілген қалыпты нан
  3. Макарон (салмақпен)
  4. Қарақұмық жармасы (салмақпен)
  5. Жылтыратылған күріш (дөңгелек дәнді, салмақпен)
  6. Картоп
  7. Ас сәбіз
  8. Пияз
  9. Ақ қауданды орамжапырақ
  10. Қызанақ
  11. Қияр
  12. Алма
  13. Ақ қант – құмшекер
  14. Күнбағыс майы
  15. Сиыр еті (сүйекті)
  16. Сиыр еті (сүйексіз)
  17. Тартылған ет
  18. Қой еті (сүйекті)
  19. Жылқы еті (сүйекті)
  20. Жаңа немесе салқындатылған балық (табан, алабұға, көксерке, шортан, сазан, рипус)
  21. Мұздатылған балық (көксерке, минтай, хек, камбала, скумбрия, сазан)
  22. Тауық еті (сан, жіліншік, саны)
  23. Тауық (тұтас)
  24. Пастерленген сүт (2,5% майлылық, жұмсақ қаптамада)
  25. Ультрапастерленген, стерилденген сүт
  26. Айран (2,5% майлылық)
  27. Қаймақ
  28. Сүзбе (5–9% майлылық)
  29. Қатты ірімшік
  30. Сары май (тұзсыз, кемінде 72,5% майлылық, қоспасыз)
  31. Тауық жұмыртқасы (бірінші санат)
  32. Қара шай
  33. Ас тұзы (тамаққа арналған, «Экстрадан» басқа)

Серіктес жаңалықтары