×
499.65
582.89
6.47
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
499.65
582.89
6.47

Мерц АҚШ-қа Ресей активтерін беруге қарсы шықты

Бүгін, 09:16
Мерц АҚШ-қа Ресей активтерін беруге қарсы шықты
Getty Images

Германия федералдық канцлері Фридрих Мерц Еуропалық одақта бұғатталған Ресей активтерін Америка Құрама Штаттарына беруге қарсы екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

БАҚ дерегінше, бұл мәселе Украина бойынша бейбіт келіссөздер барысында көтерілген. Оны АҚШ президенті Дональд Трамп ілгерілетіп отыр. DW мәліметінше, Мерц бұғатталған қаражаттың АҚШ-қа емес, Украинаға бағытталуы тиіс екенін атап өтті.

Оның сөзінше, Киевке қыстан аман шығуы үшін және алдағы екі–үш жылға қаржылай қолдау көрсету қажет, ал ол үшін айтарлықтай ресурстар керек.

Канцлер бұл мәселе еуропалық институттардың құзыретіне жататынын, сондықтан ЕО аумағында ұсталып отырған қаражатты АҚШ-қа аударуға экономикалық негіз жоқ екенін айтты. Сондай-ақ ол бұл позиция туралы америкалық тарап хабардар екенін жеткізді.

Бұдан бөлек, Мерц Вашингтонда қақтығысты реттеу процесінен экономикалық пайда түсіруге мүдделі күштер барын меңзеді. Оның айтуынша, мұндай тәсіл заңды болғанымен, Еуропа жақын уақытта бастамақ болып отырған процестің мақсаттарына сай келмейді.

Серіктес жаңалықтары