×
499.65
582.89
6.47
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
499.65
582.89
6.47

Қазақ мұнайы тасымалданатын станцияға жасалған шабуылдан қандай шығын келді?

Бүгін, 13:06
Қазақ мұнайы тасымалданатын станцияға жасалған шабуылдан қандай шығын келді?
Ulysmedia.kz коллажы

Мұнай-газ саласының сарапшысы Олжас Байділдинов Каспий құбыр консорциумының (КҚК) теңіз терминалына жасалған дрон шабуылының салдарынан Қазақстан қанша қаржы жоғалтқанын есептеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

29 қарашадан бері КҚК-ның теңіз терминалы тек бір шығару-қондыру құрылғысымен (ШҚҚ/ВПУ) жұмыс істеп тұр. Себебі үшінші құрылғы – жөндеуде, ал екінші құрылғы — дрондар соққысынан істен шықты. Reuters дерегіне сүйенген Байділдиновтің есебінше, шабуыл салдарынан Қазақстан 675 млн доллар жоғалтқан.

— БАҚ мәліметінше, үшінші ШҚҚ 7–10 желтоқсан аралығында іске қосылуы мүмкін. Егер толық қуатқа 10 желтоқсанда шығарады десек, онда 12 күнде шамамен 1,5 млн тонна немесе 11,3 млн баррель экспортталмай қалды. Баррелінің бағасы $60 болғанда, бұл — 675 млн доллар көлеміндегі экспорттық түсімнен айырылу. Оның кемінде $200 млн — бюджет пен Ұлттық қорға түсуі тиіс салықтар мен төлемдер, — деді сарапшы.

КҚК-ҒА ШАБУЫЛ

29 қараша күні КҚК теңіз терминалы акваториясында пилотсыз катерлер шабуыл жасап, ШҚҚ-2 құрылғысын бүлдірді. Жарылыстан кейін терминал жұмысы уақытша тоқтатылып, танкерлер аймақтан шығарылды.

Серіктес жаңалықтары