×
499.65
582.89
6.47
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
499.65
582.89
6.47

Алматыдағы жер сілкінісі: шенеуніктер президент тапсырмасын қалай «ұмытты»?

Бүгін, 13:31
Алматыдағы жер сілкінісі: шенеуніктер президент тапсырмасын қалай «ұмытты»?
Ulysmedia.kz коллажы

Экономист Андрей Чеботарёв тұрғын үйлерді міндетті сақтандыру жөніндегі президент бастамасын еске салды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Чеботарёвтың айтуынша, тұрғын үйлерді міндетті сақтандыру туралы ұсыныс ең жоғары мінберлерден 1,5 жыл бұрын айтылғанымен, бұл шара әлі іске аспаған.

– Алматы тағы да теңселді. Былтырғы жерасты дүмпулерінен кейін біз көшу туралы шешім қабылдадық, кеше бұған тағы бір рет көз жеткіздік – осылай тыныш әрі күйзеліс аз. Бұған дейін су тасқыны, өрт, қыстың ортасында жылумен байланысты техногендік апат та болды. Тұрғын үйлерді міндетті сақтандыруды бірнеше жыл бойы қолдап келдім. Президент осыны көтеріп, алғашқы қадамдар жасалған кезде бәрі тез шешіледі деп ойладым… Президент бастамасынан бері бір жарым жыл өтті, бірақ сақтандыру әлі жоқ. Жақын уақытта жүзеге асады деп сенгім келеді, – деп жазды ол Finance.kz арнасында.

САҚТАНДЫРУ

Билік, өз кезегінде, тұрғын үйлерді міндетті сақтандыруды 2026 жылы енгізуге уәде беріп отыр. Қазіргі таңда мүлікті тек жекеменшік сақтандыру компанияларынан ерікті полис арқылы қорғауға болады. Бүгінде елімізде табиғи апаттардан бар болғаны 3 пайыздан сәл асатын тұрғын үй нысаны сақтандырылған, ал көшбасшы — Алматы (7,7%). Алайда бұл көрсеткіш халықаралық стандарттармен салыстырғанда тым төмен.

Серіктес жаңалықтары