×
499.65
582.89
6.47
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
499.65
582.89
6.47

Алматы соты Қожамжаровтар отбасының мүлкіне тыйым салды

Бүгін, 15:17
Алматы соты Қожамжаровтар отбасының мүлкіне тыйым салды
Коллаж: ulysmedia.kz

Алматыдағы Медеу аудандық соты бұрынғы Бас прокурор Қайрат Қожамжаровтың бауыры Дулат Қожамжаровқа тиесілі мүлікке тыйым салу туралы шешім шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

«Сот кабинетінде» жарияланған құжатқа сәйкес, тыйым Қазақстанның Халық банкі түсірген талап негізінде салынған.

Сот шешімі бойынша екі адамға және олармен байланысы бар төрт компанияға тиесілі барлық жылжымалы және жылжымайтын мүлікке жалпы 2,63 млрд теңге көлемінде шектеу қойылды. Қаулыда арест сомасы талап қою көлеміне — 2,55 млрд теңгеге және 76,5 млн теңгеден астатын мемлекеттік баж төлеміне сәйкес белгіленгені көрсетілген.

- Жалпы сомасы 2 627 160 208,63 теңге (2 550 635 252,63 теңге талап қою сомасы және 76 524 956 теңге мемлекеттік баж) мөлшерінде жауапкерлердің барлық жылжымалы және жылжымайтын мүлкін шектеу: “Группа Компаний Ойл Снаб” ЖШС, “HILL Resources” ЖШС, HILL Invest ЖШС, AvtoTechMas Ltd ЖШС, Дулат Пернешұлы Қожамжаров және Гүлназ Сағатбекқызы Қожамжарова, — делінген сот актісінде.

Сондай-ақ сот бұған дейін 2025 жылғы 6 қарашада қабылданған қаулыда мүлік сипаттамасы мен сомаларға қатысты техникалық қателіктер болғанын атап өтті. ҚР Азаматтық процестік кодексінің 235-бабына сәйкес, құжат түзетіліп, тыйым салынған мүліктің құны мен тізімі нақтылауға жіберілген.

Серіктес жаңалықтары