×
499.65
582.89
6.47
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
499.65
582.89
6.47

Халықтың үштен бірі ғана ипотека рәсімдей алады

Бүгін, 20:40
Халықтың үштен бірі ғана ипотека рәсімдей алады
Ulysmedia коллажы

«Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қорының» президенті әрі Қоғамдық палатаның мүшесі Зауреш Батталова Мәжілісте өткен тұрғын үй саясатына арналған дөңгелек үстелде сөз сөйлеп, ипотеканың қолжетімділігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

ТОЛЫҒЫРАҚ

Оның айтуынша, басты проблема – пайыздық мөлшерлеме емес, халық табысы мен бір шаршы метрдің бағасы арасындағы алшақтық.

— Ипотека тек халықтың 30-40 пайызына ғана жұмыс істейді. Қалған көпшілікке басқа шешімдер қажет, — деді ол.

ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІК БАҒАСЫ 

Батталованың айтуынша, тұрғын үй бағасының өсу қарқыны халық табысының артуынан әлдеқайда жоғары. Бұл азаматтарды жалға алу жүйесіне сенімсіздік танытып, баспананы міндетті түрде өз атына рәсімдеуге итермелейді. Соның салдарынан адамдар «несиелік қақпанға» түсіп жатыр.

«НАУРЫЗ» БАҒДАРЛАМАСЫ 

«Отбасы банк» акционерлік қоғамының басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова жеңілдетілген ипотекалық «Наурыз» бағдарламасы бойынша анағұрлым жағымды жағдайды ұсынды. 16 қазанда жарияланған алғашқы шаралар аясында 1 қарашада конкурс басталды. Бастапқы жарна небәрі 20 пайызды (шамамен 2 миллион теңге) құраған бағдарламаға 32,5 мың адам өтініш берді. Ал квота саны – 8 мың.

— Шын мәнінде бізде бір орынға төрт адамнан келеді. Егер азамат «СУСМ» бағдарламасы бойынша өтініш берсе, пайыздық мөлшерлеме бар болғаны 7 пайыз болады, — деп түсіндірді Ибрагимова.

ЖАЛАҚЫ МА, ӘЛДЕ ПӘТЕР БАҒАСЫ МА?

Қазақстандықтарды алаңдататын басты мәселе – қайсысы жылдам өседі: жалақы ма, әлде пәтер бағасы ма.

— Орташа айлық жалақы өсіп жатыр, бірақ инфляция да артып келеді. Халықты қатты толғандыратын сұрақ – қайсысы жылдам өседі: жалақы ма, әлде пәтердің бағасы ма? — деді «Отбасы банк» басшысы.

Оның айтуынша, «Наурыз» бағдарламасы бойынша конкурс нәтижелері халықтың бастапқы жарнаға қаржысы бар екенін көрсетіп отыр.

Серіктес жаңалықтары