×
499.65
582.89
6.47
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
499.65
582.89
6.47

АҚШ Еуропаны Ресей активтерін Украинаға бермеуге үгіттеп жатыр

Бүгін, 21:40
АҚШ Еуропаны Ресей активтерін Украинаға бермеуге үгіттеп жатыр
Ашық дереккөзден

Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, Америка Құрама Штаттары Еуропа елдерін Ресей Федерациясының бұғатталған активтерін Украинаға бермеуге шақыруда. АҚШ-тың уәжі – бұл қаражат бейбіт келісімге қол жеткізу үшін қажет, сондықтан оларды соғысты жалғастыруға пайдалануға болмайды. Қай елдер туралы сөз болып отырғаны нақты айтылмады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

АҚШ кейбір Еуропалық Одақ мемлекеттерін Еуропалық комиссияның Украинаға репарациялық несие беру үшін Ресей активтерінің бір бөлігін пайдалануға қатысты жоспарына қарсы шығуға көндіруге тырысуда. Еуропалық дипломаттардың айтуынша, Вашингтон бұл активтерді бейбіт келісімге жету үшін сақтап қалу керек деп есептейді.

Қарашаның соңында Бельгия премьер-министрі Барт де Вевер де дәл осындай пікір білдіріп, Еуропалық Одақтың жоспары ықтимал бейбіт келісімге қауіп төндіруі мүмкін екенін айтты.

АҚШ МЕМЛЕКЕТТІК ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ТҮСІНІКТЕМЕСІ

Bloomberg нақты қай елдер туралы айтылғанын ашып көрсетпеді. Ал АҚШ Мемлекеттік департаментінің баспасөз қызметі бұл ақпаратқа түсініктеме беруден бас тартты.

АҚШ Президенті Дональд Трамптың бастамасымен жүргізіліп жатқан Украина бойынша бейбіт келіссөздер барысында Еуропалық Одақта бұғатталған ресейлік активтерді Америкаға беру мәселесі талқыланған. Германия канцлері Фридрих Мерц бұған қарсы шығып, бұл «ішкі еуропалық мәселе» екенін және қаражатты АҚШ-қа аударуға «ешқандай экономикалық мүмкіндік жоқ» екенін мәлімдеді.

ҚҰПИЯ КЕЗДЕСУ

Мерц 5 желтоқсандағы Норвегияға жоспарланған сапарын кейінге қалдырып, сол күні Бельгия премьер-министрі Барт де Вевермен кездесуге шешім қабылдады. Кездесу жеке кешкі ас форматында өтеді. Оған Еуропалық комиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен де қатысады.

ҚАРСЫ ШЫҒЫП ОТЫРҒАН ЕЛДЕР

Бельгия аумағында Ресейдің бұғатталған қаражатының басым бөлігі (шамамен 189 миллиард еуро) сақталған. Бұл жоспарға Бельгиямен қатар Венгрия және Еуропалық орталық банк те қарсы.

Серіктес жаңалықтары