×
504.49
587.73
6.57
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
504.49
587.73
6.57

Қазақстан Ресей мұнайының транзитінен бас тарта ала ма

Бүгін, 11:09
Қазақстан Ресей мұнайының транзитінен бас тарта ала ма

Қазақстан өз аумағы арқылы Ресей мұнайын тасымалдауды тоқтатуға негіз көрмей отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұл туралы Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев РИА Новостиге берген пікірінде айтты. Оның сөзінше, мұнай тасымалдау қолданыстағы үкіметаралық келісім аясында жүзеге асып келеді және ол өз күшінде.

ДӘЙЕКСӨЗ

– Жоқ, бізде, менің білуімше, Ресей мұнайының транзиті үкіметаралық келісім аясында жүзеге асады. Бұл келісімге күмән келтіруге қандай да бір алғышарттар көріп тұрған жоқпын, – деді дипломат.

Еске салайық, бұған дейін RTVI Қазақстанның ықтимал санкциялар қаупіне байланысты Ресей мұнайының транзитін уақытша тоқтатуы мүмкін екенін хабарлаған еді.

Сондай-ақ транзиттің одан арғы тағдыры АҚШ Қаржы министрлігінің Шетелдік активтерді бақылау басқармасынан (OFAC) Қазақстан алуға ниетті түсіндірмелерге байланысты болатыны айтылды.

Серіктес жаңалықтары