Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Алматыда қылмыс деңгей 13% азайғанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Алматыдағы жұмыс сапары кезінде полиция департаменті бастығының, Ұлттық ұлан өңірлік қолбасшысының және басқа да қызмет басшыларының есебін тыңдады
Оның айтуынша, қалада қылмыспен күрес бойынша кешенді шаралар қабылданған.
Бұл өз нәтижесін көрсетіп жатыр: қылмыс деңгейі 13% төмендеген.
Кісі өлтіру, ауыр дене жарақатын келтіру, ұрлық, алаяқтық, тонау, қарақшылық, рецидив және көше қылмыстары да айтарлықтай азайған.
ДӘЙЕКСӨЗ
– Алматы – елдегі ең ірі мегаполис. Алматылық полиция қызметкерлерінің кәсібилігі миллиондаған тұрғындар мен қала қонақтарының қауіпсіздігі мен тыныштығына тікелей әсер етеді, – деді министр.