Астанадағы білім беру ұйымдарында тұмау мен жедел респираторлық вирустық инфекциялар (ОРВИ) бойынша аурушаңдықтың артуына байланысты қосымша санитарлық-эпидемиологиялық шаралар енгізілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Тиісті қаулыға қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Айгүл Шагалтаева қол қойды. Санитарлық қызмет дерегінше, науқастардың шамамен 25%-ы – оқушылар, барлығы 3 430 жағдай тіркелген. Зертханалық талдаулардың басым бөлігінде тұмаудың A(H3N2) вирусы («гонконгтық» штамм) анықталған. Ол 14 жасқа дейінгі балаларда 23% жағдайда кездесіп отыр.
Негізгі шаралардың бірі — мектептер мен балабақшаларда «таңғы сүзгі» енгізу. Оқу басталар алдында оқушылардың, тәрбиеленушілердің және педагогтердің денсаулығы күн сайын тексеріледі. ЖРВИ немесе тұмау белгілері бар балалар мен қызметкерлер сабаққа жіберілмейді.
ҚАШЫҚТАН ОҚУ
Егер бір сыныптағы ЖРВИ көрсеткіші оқушылар санының 30% және одан жоғары деңгейіне жетсе, эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғанға дейін сыныптар қашықтан оқыту форматына көшіріледі.
Ал сыныптағы 20-30% оқушы инкубациялық кезең ішінде сырқаттанса:
ҚОСЫМША ШАРАЛАР
Сонымен бірге білім беру ұйымдарына:
Билік оқушылармен тұмау мен ЖРВИ-дің алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, сондай-ақ мектеп медпункттерін қажетті құрал-жабдықтармен және препараттармен қамтамасыз етуді ұсынды.