×
504.49
587.73
6.57
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
504.49
587.73
6.57

Алматыда тау бөктерінде құрылысқа тыйым салынды

Бүгін, 08:37
Алматыда тау бөктерінде құрылысқа тыйым салынды
pixabay.com

​Алматыдағы тау бөктерінде құрылыс жүргізуге толық тыйым салынады. Бұл туралы депутат Бақытжан Базарбек айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Депутаттың сөзінше, бұл жаңа құрылыс кодексіне енгізілген түзету. Құжаттың нормалары келер жылдан бастап күшіне енеді.

- Бұған дейін 2020 жылы Президент таудың бөктерінде құрылыс жүргізуге тыйым салу туралы тапсырма берген. Құрылыс кодексі аясында енді таудың бөктерінде, сел қаупі, лай көшкіні қаупі туындайтын аймақтарда құрылыс жүргізуге, жер беруге де толығымен тыйым салынады. Яғни Жер кодексіне де тиісті өзгерістерді енгіздік, - деді депутат 24.kz-ке.

ҚАРА ТІЗІМ

Елімізде құрылыс саласында 240 мың сертификат берілген. Құрылыс компанияларының 150 мыңға жуық лицензиясы бар. Депутат Бақытжан Базарбек бұл рұқсат қағаздарының шынайылығына күмән келтірді. 

- Керек десеңіз, нарықта кез келген екінші деңгейлі лицензияны 3-4 млн теңгеге сатып алуға болады. Осыны тоқтату үшін ақпараттық портал іске қосылады. Авторлық, техникалық қадағалаушылары, жобалаушылары жоқ компаниялар лицензиядан айырылады. Жұмысына адал емес құрылыс компанияларының реестрі әзірленді. Ол реестрге кірген компания үлестік құрылысқа қатысудан үш жылға аластатылады. Ешқандай құрылыспен айналыса алмайды, - деді ол.

Жаңа Құрылыс кодексін Парламент Мәжілісі мақұлдап, Сенатқа жолдады. Әзірлеу барысында жұмыс тобының 75 отырысы өтіп, депутаттар 2 мыңнан астам түзету енгізді. Кодекстің бастапқы нұсқасы 85%-ға жаңарған. 

Серіктес жаңалықтары