×
504.49
587.73
6.57
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
504.49
587.73
6.57

"Қытайдан қорықсақ Айға немесе Марсқа ұшып кетейік" - Берік Уәли

Бүгін, 10:52
"Қытайдан қорықсақ Айға немесе Марсқа ұшып кетейік" - Берік Уәли
Ulysmedia.kz коллажы

Абай облысының әкімі Берік Уәли Қазақстанда қытайлық инвесторлардың көбеюіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ 

- Онда жерді тастап, көшіп кетейік, Айға немесе Марсқа. Қытайға “неге қазақша сөйлемейсің?” деп тиісіп отыр. Олай айту заңсыз. Ертең сотталады. Қытай дегеннен қашпау керек. Халықты адастырып, қытайға қарсы қоюға болмайды. Қайта сол қытайларға көмектесіңіздер. Ұрып, соғып, кеше TikTok-та жүр. Ол екеуі (соққыға жыққандар) қамалды, – дейді Берік Уәли. 

Ол бүкіл әлем Қытайдың инвестициясына зәру, соған таласып жатқанын атап өтті. 

- Ақшаны көрші тұрған Қытайдан тасымағанда Италиядан тасимыз ба? Олар келіп ойнап жүрген жоқ, біздің жолымызды салайын деп жатыр. Егер олардың талабына сай жұмыс істей алатын болса, неге жергілікті мамандарды тартпасқа? Тартамыз. Мамандары ғана қытайлық болады. Ал қарапайым, дипломы жоқ, қара жұмыс жасайтын жергілікті халықты тартамыз, басқа не істейміз? Дипломы болса оны тартайық. Қытайда ақша бар. Қаншама жыл өзіміздің теміржолды саламыз дедік, ешкім салмай қойды ғой. Айналып келіп, қытайларға салдырайын деп жатырмыз. Қайта президент пен Си Цзиньпинге рақмет, осы екі елдің арасындағы барыс-келісті визасыз режим жасады, – дейді облыс әкімі. 

ҚЫТАЙ МЕН ҚАЗАҚСТАН

Еске салайық, Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режим 2023 жылдың 10 қарашасынан бері күшінде.

Серіктес жаңалықтары