×
504.49
587.73
6.57
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
504.49
587.73
6.57

БҚО әкімі қазақстандықтардың Ресейге жұмысқа кетуінен еш кедергі көрмеді

Бүгін, 17:15
БҚО әкімі қазақстандықтардың Ресейге жұмысқа кетуінен еш кедергі көрмеді
Ulysmedia.kz коллажы

СЦК-дегі брифингте Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев вахталық әдіспен Ресейге 800 мың теңгеге жұмысқа кетіп жатқан қазақстандықтардың еңбек миграциясына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

— Қай жерде жұмыс істеу — ең алдымен адамның өз таңдауы. Біз оған шетелге кетуге тыйым сала алмаймыз, — деді әкім.

Ол өңірде жұмысқа орналасу мәселесі жоқ екенін атап өтті.

— Бізде бос жұмыс орындары бар, ресми порталдар арқылы жұмыс табуға болады. Керісінше, жұмысшы күші жетіспейді, сайттарда 500 мың теңгеге дейін жалақы ұсынылған, — деді әкім.

Оның айтуынша, мемлекеттік бағдарламалар арқылы 20 мыңнан астам адам жұмысқа орналасқан.

Әкімнен билік шетелге кетіп жатқандарды бақылай ма және осындай еңбекпен кеткендер соғыс жүріп жатқан аймақтарға түсіп қалған жағдайлар бар ма деген сұрақ қойылды.

— Ондай оқиғалар жоқ, біз жағдайды бақылап отырмыз. Адамдар қайта оралып жатыр, — деді Төреғалиев.

КОНТЕКСТ

Мысалы, TikTok-та қазақстандықтарды Ресей қоймаларында 600–800 мың теңгеге жұмыс істеуге шақыратын роликтер тарап жатыр. Бар болғаны бір апта бұрын ашылған аккаунт «қойма қызметкерлерін» Қазақстанның кез келген нүктесінен вахтаға алып кетуге уәде береді. Осындай роликтердің астында мыңнан астам пікір жазушылар бұл ұсыныс Украинадағы соғысқа апаратын жол болуы мүмкін деп ескертеді.

Осының бәріне қатысты БҚО әкімі бұл әркімнің жеке таңдауы екенін, билік тарапынан қысым көрсету шаралары мүмкін еместігін атап өтті.

Серіктес жаңалықтары