Испанияның оңтүстік батысындағы Канар аралдары жүйесінің Пальма аралындағы үш елді мекенінің тұрғындары жанартаудың атқылауы салдарынан эвакуацияланды, дп хабарлайды ulysmedia.kz.
ria.ru-дың хабарлауынша, аталған жағдайға байланысты жұма күні Canaryfly әуекомпаниясы Пальма аралына ұшуды тоқтатты.
«Пальмаға баратын және Пальмадан ұшатын әуе қатынастары уақытша тоқтатылды. Binter әуекомпаниясы да осындай шешім қабылдады», - делінген әуекомпанияның хабарламасында.
Бұған дейін қауіпті аумақта тұрып жатқан 6 мыңға жуық тұрғын басқа жаққа көшірілген болатын.
Пальмада жанартау алтыншы күн атқылап жатыр. Мамандардың айтуынша, төрт күн ішінде лава 160 гектар жерге жетіп, 300-ден астам ғимараттың күлін көкке ұшырған. Ол ғимараттың көбі – үйлер. Канар аралдарындағы жанартауды зерттейтін институт мамандары осындай жағдай 24 күннен 84 күн күнге дейін созылуы мүмкін екенін айтуда.