Ақмола облысында дүкен рубльмен саудаласатын болған. Кәсіпкерге айыппұл салынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Сауда және интеграция министрлігі Ақмола облысындағы сауда орындарын тексеру нәтижесін жариялады. Нәтижесінде 216 кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оның ішінде 99-ына ескерту берілсе, 117-сі жалпы сомасы 2,2 миллион теңгеден астам айыппұл төлеген. Анықталған заңбұзушылықтар арасында әлеуметтік маңызы бар тауарларға сауда үстемесін асыру және тауарды шетел валютасымен сату деректері бар.
— Шортанды ауданында тауар бағаларын шетел валютасымен көрсету фактісі тіркелді — дүкендегі тауарлар рубльмен белгіленген. Бұл бағаны тек теңгемен көрсету талабын бұзады. Осы заңбұзушылық үшін кәсіпкерге айыппұл салынды, — делінген ведомство хабарламасында.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске салайық, бұған дейін Петропавлда супермаркет тауар бағасын теңгенің орнына рубльмен көрсеткені анықталған еді.