×
508.3
592.17
6.63
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
508.3
592.17
6.63

Министр Ақтау портының бұрынғы президентінің қамауға алынуына пікір білдірді

Бүгін, 14:47
Министр Ақтау портының бұрынғы президентінің қамауға алынуына пікір білдірді
Ulysmedia.kz коллажы

Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев қазіргі кезде қамауда отырған Ақтау теңіз портының бұрынғы президенті Абай Түрікпенбаев өзімен бірге жекеменшік компанияда жұмыс істеген кезеңге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Үкіметте өткен баспасөз конференциясында Сауранбаевқа 2004–2007 жылдары оның «ТеңізСервис» ЖШС-ін басқарғаны, ал сол уақытта Түрікпенбаев компанияда маңызды басшылық қызметтердің бірін атқарғаны еске салынды.

— Абай Ноғайұлы — Каспий теңізін игеру үшін жағалаулық инфрақұрылымды құру жобасын жүзеге асырған негізгі мамандардың бірі болды. Оның еңбегін асыра бағалау мүмкін емес дер едім. Ол күн сайын Ақтаудан Баутиноға қатынап жүрді. Қолдау базасын салу — сол кісінің жұмысы. Кейіннен ол Батуми терминалында қызмет атқарды, — деді министр.

Қамауға алынуы туралы Министр Түрікпенбаевқа қатысты қылмыстық істі «жағымсыз оқиға» деп атады.

— Әрине, болған жағдай — жағымсыз. Бағасын сот береді. <…> Сіздердің алаңдаушылықтарыңызды да түсінемін. Сеніңіздер, осы мәселеге қатысты бармаған кабинетім қалмады, — деді Сауранбаев.

Айта кетейік, өткен аптада Ақтауда Ақтау теңіз портының бұрынғы президенті Абай Түрікпенбаевқа қатысты сот процесі басталды. Онымен бірге тағы үш айыпталушы сот алдында жауап беруде. Ақтау қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, Түрикпенбаевқа ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-тармағы 4-бөлігі («Аса ірі көлемде алаяқтық») және 361-бабы («Лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану») бойынша қылмыс жасады деген айып тағылған.

Серіктес жаңалықтары