×
508.3
592.17
6.63
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
508.3
592.17
6.63

Биыл 67 журналист қаза тапқан

Бүгін, 15:01
Биыл 67 журналист қаза тапқан
Фото: imago

Соңғы он екі айда кәсіби міндетін атқару кезінде әлемнің әртүрлі елдерінде 67 журналист қаза тапқан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұқаралық ақпарат құралдарының еркіндігін қорғаумен айналысатын «Шекарасыз репортерлер» (RSF) ұйымы жыл сайынғы есебінде қаза тапқан журналистердің басым бөлігі қарулы қақтығыстардың немесе қылмыстық топтардың құрбаны болғанын атап өтті. 2024 жылдың 1 желтоқсанынан 2025 жылдың 1 желтоқсанына дейінгі кезеңде көз жұмған журналистер саны өткен жылғы көрсеткішпен шамамен бірдей. Қаза тапқан 67 журналистің 53-і соғыс жүріп жатқан аймақтарда немесе қылмыстық топтардың қолынан қаза тапқан, деп жазады DW.

ЕҢ ҚАУІПТІ АЙМАҚ

Журналистер үшін ең қауіпті аймақ - Газа секторы, бір жыл ішінде онда 29 медиа қызметкері қаза болған. Одан кейін Мексика (9 журналист өлтірілген), сондай-ақ Ресейдің толық көлемдегі басып кіруіне қарсы қорғанып жатқан Украина, Судан және Сирия тұр.

ҚАМАУ МЕН ЖОҒАЛУ

Есепке сәйкес, бүгінде 62 елде 503 журналист темір тордың ар жағында отыр, бұл көрсеткіш былтырғымен салыстырғанда сәл ғана төмен. Ең көп журналист қамауда отырған ел — Қытай (121 адам). Одан кейін Ресей (48), Мьянма (47), Беларусь (33), Вьетнам (28) және Әзербайжан (25) келеді. Ресей шетелдік журналистерді ең көп қамауға алған елге айналған, олардың арасында 26 украиналық репортер бар. Екінші орында — Израиль, онда 20 палестиналық журналист қамауда.

Сонымен қатар, әлем бойынша 135 медиа қызметкері із-түзсіз жоғалғандар қатарында, кейбірі жоғалғанына отыз жылдан асқан. Мұндай деректер 100-ден аса елде тіркелген, бірақ ең көп жағдай Таяу Шығыс пен Латын Америкасында. RSF мәліметінше, әсіресе Сирияда жоғалған журналистер саны өте жоғары: Башар Асад режимі кезінде із-түзсіз кеткендердің көпшілігі әлі күнге дейін табылған жоқ.

Серіктес жаңалықтары