×
508.3
592.17
6.63
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
508.3
592.17
6.63

Путин Қазақстаннан тауарларды жеңілдетілген тәртіппен әкелу мерзімін ұзартты

Бүгін, 19:10
Путин Қазақстаннан тауарларды жеңілдетілген тәртіппен әкелу мерзімін ұзартты
СЦК

Ресей президенті Владимир Путин Қазақстаннан тауарларды жеңілдетілген тәртіппен әкелу мерзімін ұзартты. Құжат тасымалдаушыларға бұл режимді тағы екі апта қолдануға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан мен Қырғызстаннан Еуразиялық экономикалық одақ аумағына тауарларды таңбалаусыз және шығу тегі туралы құжаттарсыз әкелуге рұқсат беретін жарлықтың мерзімін тағы екі аптаға ұзаптты. Бұған дейінгі құжат 10 желтоқсанға дейін күшінде болған. Жаңа мерзім 25 желтоқсанға дейін жалғасады.

ТҮСІНДІРМЕ

Жеңілдік автомобильмен Ресей – Қазақстан шекарасы арқылы әкелінетін тауарларға қатысты. Бұл тәртіп тек белгілі бір талаптар орындалған жағдайда ғана қолданылады. Ең алдымен, тауардың алушысы Ресейдің заңды тұлғасы болуға тиіс. Ал тасымалдаушы сол компаниядан алынған, тауардың міндетті түрде кейін декларациялауға қатысты хабарламаны Ресей кеден органдарына ұсынуы керек.

 

Серіктес жаңалықтары