Түркістан облысы Кентау қаласындағы аулалардың бірінде жаңа туған нәрестенің мәйіті табылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Облыстық полиция департаменті қазір баланың анасын анықтау үшін жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
– Полиция қызметкерлері аулааралық аумақтарды аралап, бейнебақылау камераларының жазбаларын зерделеп, сондай-ақ жақын орналасқан үйлердің тұрғындарымен және куәгерлермен сұхбат жүргізіп жатыр, – деп хабарлады Түркістан облысының полиция департаменті.
Ведомствоның мәліметінше, медициналық мекемелер де кешенді түрде тексеріліп жатыр.
Барлық мән-жайды анықтау мақсатында қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, тергеу нәтижесі бойынша заңға сәйкес тиісті шешім қабылданады.
– ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жариялауға жатпайды, - деп хабарлады полииця департаменті.
Еске салайық, бұған дейін Оралдағы қоқыс жәшіктерінің бірінен нәрестенің денесі табылған еді.