Парламент кулуарында Қорғаныс вице-министрі Қаныш Әбубәкіров әскердегі бопсалау мен «әлімжеттік» туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Журналистер кейбір командирлер сарбаздарды несие рәсімдеуге мәжбүрлейді деген мәліметке назар аударды. Вице-министрдің сөзінше, министрлік мұндай деректерді тіркеген жоқ.
Сонымен қатар, ол желіде тараған бейнежазбаларға қатысты пікір білдіріп, әскерде «әлімжеттік» жоқ екенін мәлімдеді.
Әбубәкіровтің айтуынша, әлеуметтік желіде тараған «қорлау көрсетілген көптеген видеолар» әскери бөлімдермен байланысты емес. Олар «Баткен» көркем фильмінің кадрлары, қазақ тіліне қайта дыбысталып, жалған ақпарат ретінде таратылған.
КОНТЕКСТ
Әскери қызметкердің не сарбаздың бейбіт уақытта қаза табуы – төтенше жағдай. Ауыр жарақат алу немесе бұрын білінбеген дерттің асқынуы да солай. Алайда сарбаз аналарының пикеттері мен жоғарыдан түскен бұйрықтар болмаса, мұндай істер жылдар бойы созылып, күштік құрылымдар бейбіт күннің өзінде шығынға ұшырай береді. Ulysmedia.kz бұл мәселені Қазақстанда шенеуніктер қалай шешпек болғанын анықтап көрді.