×
514.74
599.36
6.71
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
514.74
599.36
6.71

Қазақстан азаматтары Украинадағы әскери тұтқындар лагеріне қалай тап болды?

Бүгін, 16:33
Қазақстан азаматтары Украинадағы әскери тұтқындар лагеріне қалай тап болды?
unian.net

Қырғызстандық тәуелсіз журналист Әділ Турдукулов Украинадағы әскери тұтқындар лагеріне барғаны туралы айтты. Онда ол Қазақстан азаматтарын да кездестерген , деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

RFI басылымына берген сұхбатында журналист Әділ Турдукулов Украинадағы әскери тұтқындар лагеріне барғанын айтты. Оның сөзінше, ол барған лагерьде ең көп қамалғандар — Өзбекстан азаматтары; олардан кейін Тәжікстан мен Қырғызстаннан келгендер. Турдукулов лагерьде Қазақстан азаматтарын да жолықтырған.

«Қазақтардың да айтарлықтай көп екені мені шынымен таңқалдырды. Мұның себебі, сірә, Қазақстан мен Ресей арасындағы шекараның ұзақтығы әрі әскерге жалдау орталықтарының белсенді әрекеті болса керек», — деді ол.

Журналист Орталық Азия елдері азаматтарының соғысқа көптеп баруы бірнеше себеп бар екенін айтты. Оның пайымдауынша, басты себеп — ақша (2,4 млн рубль), әскери қызметтен кейін Ресей азаматтығын уәде ету, сондай-ақ контракт арқылы қылмыстық жауапкершіліктен құтылу мүмкіндігі. Бұған қоса, қарқынды жүргізілген пропаганда мен «тек тыл жұмыстарына тартыласың» деген жалған уәделер де үлкен рөл атқарады.

«Бұл біздің билік те, қоғам да көз жұма қарайтын, орасан ауқымды гуманитарлық мәселе. Соңғы есептеулерге қарағанда, Ресей жағында соғысып жүрген мыңдаған қырғыз азаматы, он мыңдаған Орталық Азия елдерінің азаматтары бар. Ресейде миллиондаған мигрант өз отбасыларымен бірге өмір сүріп жатыр, олардың көпшілігі Ресей азаматтығын алып үлгерген. Тікелей де, жанама да деректер Ресей әскерінің сапында соғысқа қатысып жатқан адамдардың саны мыңдап саналатынын көрсетеді. Бірақ нақты сандарды атау қиын. Біздің билік бұл мәселені анықтауға ынта танытып отырған жоқ. Ондай сауалдар, шамасы, жабық арналар арқылы да жолданбаған. Олар бұл проблеманы байқамауға тырысып, Ресей тарапын ренжітіп алмауды ойлайды», — деді журналист.

Контекст

Қазақстанда заң бойынша өзге елдің аумағындағы әскери әрекеттерге қатысып, жалдамалы әскер қатарына қосылғаны үшін қылмыстық жаза қарастырылған.

Бөтен ел аумағындағы әскери іс-қимылдарға қатысу — 5 жылдан 9 жылға дейін бас бостандығынан айырумен жазаланады.

Ал жалдамалылық үшін — 7 жылдан бастап өмір бойына дейін түрме жазасы қарастырылған, оған қосымша азаматтықтан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы қолданылады.

Бұған дейін Украинаның «Хочу жить» жобасы Украинада Ресей әскері қатарында соғысып, қаза болды немесе із-түссіз жоғалды делінген 270 қазақстандықтардың тізімін жариялаған. Ulysmedia қаза тапқандардың кейбірінің туыстарымен де сөйлескен.

Серіктес жаңалықтары