Қазақстандық жазушы Әлихан Жақсылық өз кітаптарының әлем дүкендерінде сатылып жатқанын жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Бұл туралы жазушының өзі фейсбук парақшасында жариялады.
“Әлемнің 20 дан астам кітап дүкендері мен әлемдік сату платформаларында “Нотр-Дамда құлшылық ету керек пе?” Романым сатылып жатыр дейді. Америка, Ұлыбритания, Швеция, Австралия, Нидерланды елдерінде және Германияда. Аруақтар жар болсын! Жақсы өтсін”, – деп жазды Әлихан Жақсылық.
“ӨСЕК ТАРАТҚАНДАР ҰЯТҚА ҚАЛАДЫ…”
Бұған дейін Әлихан Жақсылық өзіне тағылған айыптауларға жауап берген еді.
“Заңгер танысым “Романның әр бетіне қай күні жаздың, сол күнді белгілеп қой, сиясы сол күнмен сәйкес келсін” деді. Мен тек қаламның сиясы емес, мөрдің де сиясы сол күнмен сәйкес шықсын деп басып қойдым. “Әлихан Жақсылық ЖИ-мен жазады” деген сөзді күніге 2-3 танысымнан естимін. Фб бетінде жарқыратып жазып жатқандар бар және мен туралы мақала астына әзіл-шыны аралас сүйкетіп жатқан коменттерде де солай дейді…Ал менің барлық қолжазбам кез келген кезде дәлел бола алады. Заңгер жай ғана қолжазба емес, күннің жады бар қолжазба нағыз дәлел деп отыр. Кәсібіме кедергі келтіргісі келетіндер енді маған ренжімейді деп ойлаймын. Уақыт көрсетеді, болашақта мен туралы осындай өсек таратқандар ұятқа қалары анық” – деді жазушының өзі.
Әлихан “Меценат.кз” байқауын жеңіп алғаннан кейін де өзіне сынаушылар көбейгенін, оларға жауап та бергенін жазған едік.
ӘЛИХАН МЕН ЖҮРСІН ЕРМАН
Ұзақ жылдар бойы айтыс өнерінің тізгінін ұстаған Жүрсін Ерман ақын Мұхтар Ниязовпен сұхбаттасқан. Сөз арасында жүргізуші Жүрсін Ерманнан кейінгі буынның аяқ алысы туралы сұраған. Ол жауабында бір кездері айтыс сахнасында өнер көрсеткен кейін прозаға бет бұрған Әлихан Жақсылықты тілге тиек етеді.
Жазушы Әлихан Жақсылық өз сөзінде өзін айтыс сахнасына шығарған Жүрсін Ерманға ренішін жасырмады.Ол әлеуметтік желідегі парақшасында ағынан жарылды.
ӘЛИХАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Әлихан Жақсылық қазақ әдебиетіне жаңалық болып келген жас жазушы. “Нотр-дамда құлшылық ету керек пе?”, “Африкадан Аляскаға”, “Ескі вокзалдың жолаушылары” романдарының, “Алты құрлық”, “Төрт мұхит” хикаяттар жинағының авторы. Ұлыбританияның “Алты бұғы” әдеби сыйлығын жеңіп алған. “Дарын” мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты. Шығармалары ағылшын, түрік тілдеріне аударылып басып шығарылған.