×
518.39
603.09
6.68
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
518.39
603.09
6.68

Қазақстан Украинамен КҚК-ға жасалған шабуыл туралы сөйлесті

Бүгін, 11:06
Қазақстан Украинамен КҚК-ға жасалған шабуыл туралы сөйлесті
gov.kz

Қазақстанның сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Украина сыртқы істер министрі Андрей Сибигамен КҚК құбырының терминалына жасалған соңғы шабуыл жөнінде сөйлескенін растады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Жағдай тұрақты болуы тиіс»

Ақордадағы іс-шараның кулуарында Ермек Көшербаев журналистерге Венада украиналық әріптесімен қандай мәселелерді талқылағанын айтты. Еске салайық, желтоқсанның басында қос министр ЕҚЫҰ-ның Сыртқы істер министрлері кеңесінің 32-отырысында бірге қатысқан болатын. Сыртқы істер министрі Қазақстанның КТК құбырына қатысты өз ұстанымын Украинаға жеткізгенін растады.

— Екіжақты ынтымақтастық, сауда қатынастары жөніндегі мәселелер талқыланды. Құбырдың қауіпсіздігіне қатысты сұрақ та, әрине, назардан тыс қалған жоқ. Украин тарапында жағдайдың тұрақты болуы қажет деген түсіністік бар, — деді Ермек Көшербаев.

ЗЕРТТЕУ

29 қарашада Украина дрондары Теңізден экспортталатын қазақстандық мұнайды тасымалдайтын «Каспий құбыр желісі консорциумының» инфрақұрылымына соққы жасады. Бұл соққы бұрын-соңды болмаған ауқымда болып, Новороссийск портындағы терминалдардың бірі толықтай дерлік істен шықты. Ulysmedia.kz Қазақстан неге осы жылдар ішінде КҚК-ға балама таба алмағанын, бұл құбырдың елдегі әр азамат үшін маңызы неде екенін және экономикалық тұрғыда Қазақстанмен қатар зардап шеккен АҚШ-тың неге үнсіз отырғанын талдап көрген еді. 

Серіктес жаңалықтары