Алматыда "Алматы-2" вокзалына пойыз келгеннен кейін 52 адам, оның ішінде балалар, газдан уланған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оқиға орнына 13 жедел жәрдем тобы жіберілген. Барлық зардап шеккен адам қалалық стационарлардың қабылдау бөлімдеріне жеткізіліп, тексеруден өтіп, қажетті медициналық көмек алған.
Диагностика нәтижесінде 10 бала ауруханаға жатқызылды, олардың екеуі – реанимацияда, қалғандары – бейіндік бөлімдерде. Басқа зардап шеккендер тексеруден соң амбулаторлық ем алуға жіберілді.
Дәрігерлердің айтуынша, ауруханаға түскендердің жағдайы бақылауда, барлық қажетті көмек көрсетіліп жатыр.
«ҚТЖ» өкілдері ұлттық тасымалдаушының бұл оқиғаға қатысы жоқ екенін мәлімдеді. Олардың дерегінше, пойыз жеке компанияға тиесілі және ол киностудияға түсірілім үшін берілген.
Оқиғаның мән-жайын құзырлы органдар анықтап жатыр.