×
518.39
603.09
6.68
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
518.39
603.09
6.68

Пойыздағы улану: балалардың жағдайы қалай

Бүгін, 19:50
Пойыздағы улану: балалардың жағдайы қалай
Ашық дереккөзден

«Алматы-2» теміржол вокзалында пойызда түсірілім кезінде газдан уланған балалардың жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Барлығы — 12 жасөспірім. Олар дереу Балаларға арналған шұғыл медициналық көмек орталығына жеткізілген. Балалардың жасы 5 пен 15 жас аралығында.

Орталықтағы медициналық қызмет сапасын бақылау жөніндегі директордың орынбасары Тоқтар Құрметбектің мәліметінше:

  • 15 жастағы екі қыз бала жансақтау және қарқынды терапия бөлімінде жатыр;
  • тоғыз бала токсикология бөлімшесіне орналастырылған;
  • бір баланы ата-анасы ауруханаға жатқызудан бас тартып, үйіне алып кеткен.

БҰҒАН ДЕЙІН

Алматыда "Алматы-2" вокзалына пойыз келгеннен кейін 52 адам, оның ішінде балалар газдан уланғаны белгілі болған. 

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оқиға орнына 13 жедел жәрдем тобы жіберілген. Барлық зардап шеккен адам қалалық стационарлардың қабылдау бөлімдеріне жеткізіліп, тексеруден өтіп, қажетті медициналық көмек алған.

Серіктес жаңалықтары