×
518.39
603.09
6.68
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
518.39
603.09
6.68

Алматы әкімі желтоқсаншылармен кездесті

Бүгін, 20:40
Алматы әкімі желтоқсаншылармен кездесті
Ашық дереккөзден

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды 1986 жылғы тарихи Желтоқсан көтерілісіне қатысқан азаматтармен кездесіп, олардың әлеуметтік мәселелері мен ұсыныстарын тыңдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұл туралы Дархан Сатыбалды желідегі парақшасында жариялады. 

«Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына үлес қосқан азаматтарды құрметтеу және тарихи жадты сақтау – біз үшін аса маңызды», — деді Дархан Сатыбалды.\

ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Кездесу барысында желтоқсаншылардың бүгінгі күнде толғандыратын әлеуметтік қолдау, тұрмыстық жағдай және мемлекеттік құрылымдармен өзара байланысты мәселелері көтерілді. 

«Олардың ұсыныстары негізінде оқиғаның 40 жылдығына арналған кешенді жоспар әзірленеді. Әсіресе жастарға бағытталған білім беру және патриоттық бастамаларға ерекше назар аударамыз», — деді Алматы әкімі.

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ШАРАЛАР

Дархан Сатыбалды Тәуелсіздік күніне орай Алматыда  “Тәуелсіздік” және “Тәуелсіздік таңы” монументтеріне гүл қою рәсімдері өтетінін хабарлады. 

Серіктес жаңалықтары