×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қазақстан азаматы қанша гектар жер иемдене алады

23.01.2023, 10:36
Қазақстан азаматы қанша гектар жер иемдене алады
фото: ашық дереккөзден

Ел азаматтарының иелігінде болуы мүмкін ауылшарушалық мақсатындағы жердің шекті көлемі бекітілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілхайыр Тамабек мәлім етті.

Оның сөзінше, биыл 11 қаңтарда Үкімет жер пайдалану құқығы бір қолда болуы мүмкін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшерін бекіту туралы қаулы жобасын мақұлдаған.

«Қазақстан бойынша орта есеппен, табиғи-климаттық жағдайларға байланысты шаруа және фермер қожалықтары үшін ауыл шаруашылығы алқаптарының шекті (ең жоғары) мөлшері 35 мың гектар, заңды тұлғалар үшін – 51 мың гектар мөлшерінде белгіленген. Бұл ретте осы норма енгізілгенге дейін берілген жерлер бойынша тиісті талдау жүргізіледі», - деді министрдің орынбасары ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісінде.