×
520.02
608.79
6.57
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
520.02
608.79
6.57

Мыңдаған оқушының жеке деректері тарап кеткен

Бүгін, 11:15
Мыңдаған оқушының жеке деректері тарап кеткен
Ulysmedia.kz коллажы

Қазақстандық Kundelik электронды күнделігіне тіркелген кемінде бірнеше мың оқушының жеке мәліметтері ашық қолжетімді болып қалды. Желілерде жарияланған деректердің ішінде баланың толық аты-жөні, туған күні, оқитын мектебі және сыныбы көрсетілген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

“Выход к морю” телеграм арнасының мәліметінше, ақпарат желтоқсанның басында мәлім болған, ал деректердің өзектілігі биылғы қыркүйекке сәйкес келеді. Бұл дерек соңғы айларда тарағанын аңғартады. Платформа операторлары ресми түсініктеме берген жоқ.

НАҚТЫ КӨЛЕМ БЕЛГІСІЗ

Darknet алаңдарында бірнеше мың жолдан тұратын файлдар сатылымға қойылған. Әдетте мұндай ақпарат тек «бер жағы» және толық база әлдеқайда ауқымды болуы мүмкін. Kundelik — Қазақстандағы мектептердің басым бөлігінде міндетті жүйе, сондықтан онда миллиондаған оқушы, ата-ана және мұғалім тіркелген. Логин, пароль не телефон нөмірлері тараған-тармағаны әзірге белгісіз.

ЖҮЙЕ

Kundelik пен оның ресейлік баламасы бұған дейін де жеке деректердің қорғалмауы, монополия, жарнаманы ақылы түрде өшіру сияқты мәселелер үшін жиі сынға ілінген. Бұған қоса, жүйедегі жарнама интеграциясының кесірінен оқушылардың күнделіктерінде порнографиялық видеолар пайда болған жағдайлар тіркелген.

АЛҒАШҚЫ ЖАҒДАЙ ЕМЕС

Былтыр да қазақстандықтардың ішкі әуе сапарларына қатысты 700 мыңға жуық жазба желіге шығып кеткен. Онда жолаушылардың аты-жөні, құжат нөмірлері, телефон және e-mail секілді деректер бар еді. Бұл ақпарат ресейлік билет жүйелері — Leonardo және «Сирена-Трэвел» платформаларынан тараған. Хакерлер 664 миллионнан астам әуе сапарына қатысты мәліметті қолға түсірген.

Кейін аталған компаниялардың Қазақстанда заңды тіркелмегені анықталды. Министрлік оларды жауапқа тартуға уәде бергенімен, шын мәнінде ықпал ете алмады.

Серіктес жаңалықтары