×
520.02
608.79
6.57
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
520.02
608.79
6.57

Ресейлік жасөспірім соғыстан қашып, Қазақстанға келген

Бүгін, 12:08
Ресейлік жасөспірім соғыстан қашып, Қазақстанға келген
Ашық дереккөзден

16 жастағы Тимур Турков 12 қыркүйекте Мурманск облысынан Қазақстанға қашып келді. Ол Ресейдің саяси бағытымен келіспейтінін және 18 жасқа толғанда соғысқа жіберілу қаупінен қорыққанын айтып, босқын мәртебесін алуға тырысқан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

«Уральская неделя» мәліметінше, ол автостоппен шекараға жақын Астафьево ауылына жетіп, шаршаған күйінде көмек сұраған. Шекарашылар оны заставаға жеткізген, онда Ресей консулдығының қызметкерлері жасөспірімнен шекараны «қателесіп кесіп өтті» деп айтуын талап еткен. Тимур бұдан бас тартқан. Одан кейін ФҚҚ қызметкері сұрақ-жауап жүргізген. Кейін оны Орал қаласына жеткізіп, балалар орталығына орналастырған.

- Мен Ресейдегі саясаттан қаштым. Мектептерде милитаризация жүріп жатыр. Біздің ауылда жоғары сынып оқушыларын қаза тапқан солдаттардың жерлеу рәсімінде құрметті қарауылға тұрғызатын. Соғыста ауылдың 12 тұрғыны қаза тапты, бесеуі хабар-ошарсыз кеткен. Ақпарат құралдарының бәрінде соғысты ғана насихаттайды. Мен үндемей жүруге тырыстым. Бірнеше рет сөгіс те алдым. Жасөспірімдер арасында саясатты көп талқыламайтынбыз. Менің жоспарымды ешкім білмеді. Әжем мен атам Ресей шекарашылары хабарласқанда ғана Қазақстанға қашып кеткенімді білді, – дейді Тимур.

ДЕПОРТАЦИЯ

5 желтоқсанда сот оны шекараны заңсыз кесіп өткені үшін Ресейге депортациялау туралы шешім шығарды. Сонымен қатар, Қазақстанға кіруге бес жылға тыйым салынды. Ресейге оралғанда Тимурға алты айға дейін бас бостандығын шектеу жазасы қолданылуы мүмкін. Жасөспірім бала кезінен жетім, әжесі мен атасының қолында өсіп келеді. Ол сот шешіміне көңілі құлазығанын айтады, себебі өзі милитаризация мен насихаттан қашқан.

- Менің мақсатым ешкімге зиян келтіру емес еді. Тек Ресейдің саяси жүйесінен қашып құтылғым келді. Шекарадағы нысандарға зақым келтірген жоқпын, ешкімге зиян тигізгім келген жоқ. Қайтып барғанда не болатынын елестете алмаймын. Мүмкін, ақылдан адасып, жаман нәрсе жасап қоярмын, – дейді ол.

Серіктес жаңалықтары