×
520.02
608.79
6.57
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
520.02
608.79
6.57

Нүкенованың әкесі Бишімбаевтың әкесінен 2,5 млн доллар сұраған

Бүгін, 17:31
Нүкенованың әкесі Бишімбаевтың әкесінен 2,5 млн доллар сұраған
Ulysmedia.kz коллажы

Астанадағы қылмыстық сотта Қуандық Бишімбаевтың анасы Әлмира Нұрлыбекова 990 мың долларды иемденді деп айыптап отырған Бекзат Кемеловаға қатысты іс жалғасып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Hronika.kz мәліметінше, сотта куәлік еткен Қуандық Бишімбаевтың әкесі Уәлихан Бишімбаев өзіне туысы (екі ағайынды) бір жазба бергенін айтты. Сол жазбада Нүкенова тарапынан 2,5 млн доллар талап етілгені көрсетілген. Оның айтуынша, бұл жазба отбасында әлі сақтаулы және оларды қатты таңғалдырған.

Ол туысынан бұл туралы Қуандық Бишімбаевтың сотында айта аласың ба деп сұрағанын, бірақ туысы қорыққандықтан бас тартқанын жеткізді.

Бишімбаев оның сөзін былай жеткізді:

— Мен Қайраттан: "Сотта айтып бере аласың ба?" — деп сұрадым. Ол: "Қорқамын, әлеуметтік желідегі хейттен, жұрттың шабуылынан қорқамын. Жұмысым, отбасым, балаларым бар, — деді.

Уәлихан Бишімбаевтың айтуынша, Бекзат Кемелова оған күйеуі Қайрат Кемелов Бишімбаевтар берген ақшасы бар чемоданды алып кеткенін білген соң оны ұрып-соққанын айтқан. Әйел күйеуінен таяқ жегеннен кейін бүкіл денесі көгеріп жүргенін жеткізген.

КОНТЕКСТ

2024 жылдың көктемінде Бишімбаевтар отбасы Кемеловтерді сотқа беріп, аманаттап берген 1 миллион долларды қайтаруды талап еткен. Бекзат Кемелова өзін кінәлі санамайды. Іс «аса ірі көлемдегі алаяқтық» бабы бойынша қаралып жатыр.

ҮКІМ

2023 жылдың 13 мамырында Астана соты Қуандық Бишімбаевты азаматтық некедегі жары Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін 24 жылға бас бостандығынан айырды. Экс-министр қазір ең жоғары қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеп жатыр.

Серіктес жаңалықтары