×
520.02
608.79
6.57
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
520.02
608.79
6.57

Таралу фактісі расталған жоқ - Kundelik компаниясы түсініктеме берді

Бүгін, 23:10
Таралу фактісі расталған жоқ -  Kundelik компаниясы түсініктеме берді
Ашық дереккөзден

Қазақстандық оқушылардың деректерінің ауқымды түрде таралып кетуі мүмкін деген ақпаратқа қатысты түсініктеме цифрлық платформаның иелік ететін компаниясынан берілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Әлеуметтік желілерде бірнеше мың оқушының жеке деректері ашық қолжетімді болып қалғаны туралы хабар тарады. Алайда компания бұл ақпаратты әзірге ерте және расталмаған деп атады.

РЕСМИ ТҮСІНІКТЕМЕ

«Қазіргі уақытта Kundelik жүйесінен деректердің таралу фактісі расталған жоқ. Компания ішкі техникалық тексеріс жүргізіп жатыр. Тексеру аяқталмай тұрып, себептері мен ауқымы туралы кез келген қорытынды жасау ерте болады. Тексеру нәтижесі бойынша Kundelik қоғамды қосымша хабардар етеді», – делінген ресми мәлімдемеде.

БҰҒАН ДЕЙІН

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мектеп оқушыларының жеке деректері тарап кеткенінен бейхабар болып шықты.

ДЕРЕКТЕРДІҢ ТАРАУЫ

Еске салайық, бүгін қазақстандық Kundelik электронды күнделігіне тіркелген кемінде бірнеше мың оқушының жеке мәліметтері ашық тарап кеткені хабарланған болатын. Желілерде жарияланған деректердің ішінде баланың толық аты-жөні, туған күні, оқитын мектебі және сыныбы көрсетілген. 

Серіктес жаңалықтары