×
522.38
612.6
6.54
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
522.38
612.6
6.54

Қазақстанда бизнесті басқарып отырған әйелдер саны 1 миллионнан асты

Бүгін, 12:18
Қазақстанда бизнесті басқарып отырған әйелдер саны 1 миллионнан асты
Pixabay.com

2025 жылғы желтоқсан айындағы деректерге сәйкес, Қазақстанда шағын және орта бизнесті басқарып отырған 1 миллионнан астам әйел тіркелген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұл – елдегі шағын және орта бизнес субъектілерінің жалпы санының 48,1%-ы. Аталған көрсеткіш әйелдердің экономикалық және кәсіпкерлік қызметке жоғары деңгейде қатысып отырғанын аңғартады.

Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин әйелдер кәсіпкерлігін қолдауға бағытталған кешенді шараларды таныстырып, әйелдер басқаратын бизнестің одан әрі дамуына жағдай жасаудың маңызын атап өтті.

Оның айтуынша, әйелдер сауда, қызмет көрсету саласы, бьюти-индустрия, қоғамдық тамақтану, білім беру жобалары, сондай-ақ экологиялық және әлеуметтік бастамалар секілді түрлі бағыттарда белсенді жұмыс істеп келеді.

Серіктес жаңалықтары