×
522.38
612.6
6.54
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
522.38
612.6
6.54

SDU University Орталық Азияда алғаш болып IB бағдарламалары бойынша педагог даярлау құқығына ие болды

Бүгін, 16:20
SDU University Орталық Азияда алғаш болып IB бағдарламалары бойынша педагог даярлау құқығына ие болды
Ulysmedia коллажы

SDU University халықаралық International Baccalaureate (IB) бағдарламалары бойынша педагогтерді даярлау құқығын алған Орталық Азиядағы алғашқы университет атанды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

SDU University IB бағдарламасының үш деңгейі бойынша толық халықаралық аккредитациядан сәтті өтті:
    •    PYP (Primary Years Programme) — 3–12 жас,
    •    MYP (Middle Years Programme) — 11–16 жас,
    •    DP (Diploma Programme) — 16–19 жас.

БҰЛ НЕ ДЕГЕН СӨЗ?

SDU University Қазақстанда және ТМД аумағында бір мезгілде IB-дің барлық үш бағдарламасы бойынша аккредитация алған алғашқы жоғары оқу орны атанды. Бұл жетістік Қазақстанның халықаралық білім беру хабы ретіндегі позициясын нығайта түсіп келе жатқанын көрсетеді.

ӘЛЕМДІК СТАТИСТИКА

Бүкіл дүние жүзі бойынша небәрі 55 университет ғана IB тарапынан ресми түрде серіктес университет мәртебесін алған. Олардың қатарында The University of Hong Kong, University of Toronto, University of Melbourne, University of South Carolina, University of Bath сияқты жетекші оқу орындары бар. SDU University-дің осы таңдаулы тізімге енуі оның өңірдегі беделін едәуір арттырады.

SDU University-де IB бойынша педагог даярлау inquiry-based learning (зерттеуге негізделген оқыту), зерттеушілік педагогика, формативті бағалау және академиялық адалдық қағидаттарына сүйенеді. Бұл Қазақстанда халықаралық және жекеменшік мектептер үшін жоғары білікті мамандарды қалыптастыруға, сондай-ақ ұлттық білім беру жүйесін жаһандық стандарттарға интеграциялауға мүмкіндік береді.

ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ IB

Қазіргі таңда Қазақстанда халықаралық IB World School ретінде ресми аккредитациядан өткен 17 мектеп бар. SDU University-дің үш деңгей бойынша аккредитация алуы осы мектептерді тұрақты кадрлық қолдаумен қамтамасыз етіп, өңірдегі халықаралық педагогикалық қауымдастықтың дамуын күшейтеді.

Осыған байланысты 2025 жылғы 13 желтоқсанда университетке Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек барады.

Серіктес жаңалықтары