×
522.38
612.6
6.54
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
522.38
612.6
6.54

Украинадағы соғыс: ЕО Ресей активтерін мерзімі белгісіз уақытқа бұғаттады

Бүгін, 16:40
Украинадағы соғыс: ЕО Ресей активтерін мерзімі белгісіз уақытқа бұғаттады
REUTERS/Ramil Sitdikov

Еуропалық одақ Ресей активтерін €210 млрд сомасында шексіз мерзімге бұғаттауды мақұлдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұған дейін Еуропалық одақ елдері әр алты ай сайын Ресей активтерін бұғаттауды ұзарту мәселесі бойынша дауыс беріп келген. Ал енді бұл шара мерзімі белгісіз уақытқа енгізіледі. Дауыс беру кезінде Бельгия, Италия, Мальта және Болгария шешімді қолдады. Еуропалық одақ мәліметінше, бұл дауыс беру активтердің кейінгі қолданылуын алдын ала анықтамайды – бұл мәселе жетекшілер деңгейінде қаралады.

БҰЛ НЕ ДЕГЕН СӨЗ?

Бұл шара Венгрия мен Словакия сияқты Мәскеумен тығыз байланыстағы елдердің болашақта активтерді бұғаттауды ұзартудан бас тарту ықтималдығын азайтуға бағытталған. Егер олар бұғаттауды ұзартудан бас тартса, Еуропалық одақ Ресейге қаражатты қайтаруға мәжбүр болар еді. 

Сонымен қатар мерзімі белгісіз бұғаттау Бельгияны 2026-2027 жылдары Украинаға €165 млрд көлемінде әскери және бюджеттік несие беруді қолдауға ынталандырады

Механизмнің соңғы егжей-тегжейі 18 желтоқсанда Еуропалық кеңестің отырысында талқыланады.

Серіктес жаңалықтары