×
522.38
612.6
6.54
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
522.38
612.6
6.54

Еуропалық одақ мигранттарға бақылауды күшейтпек – БАҚ

Бүгін, 15:31
Еуропалық одақ мигранттарға бақылауды күшейтпек – БАҚ
Anadolu

Еуропалық одақ мигранттарды тезірек депортациялауды жоспарлап, оларды «қайтару орталықтарына» жіберуді көздеп отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz DW агенттігіне сілтеме жасап.

ТОЛЫҒЫРАҚ

ЕО-ға мүше елдердің ішкі істер министрлері қабылдаған шешімге сәйкес, көші-қон реформалары пакеті Одақ аумағынан тыс жерлерде осындай орталықтар құруды көздейді. Бұл орталықтарда мигранттар баспана беру туралы өтініштерінің қаралуын, кей жағдайда Еуропадан нақты түрде шығарылуын күтеді.

Мұндай орталықтар құру идеясы алғаш рет 2021 жылы Данияда талқыланған. Ал оны іс жүзінде бірінші болып Италия жүзеге асырды: өткен жылы Рим Албания аумағында осындай мекемелер ашқан еді. Алайда құқықтық қиындықтарға байланысты олардың жұмысы тоқтатылды.

ДӘЙЕКСӨЗ

– Human Rights Watch пен Oxfam секілді қайырымдылық және құқық қорғау ұйымдары ЕО-ны бұрыннан «жауапкершіліктен жалтару» үшін сынап келеді. Олардың айтуынша, бұл –  баспана беру жөніндегі өтініштерді қарау жауапкершілігін сыртқы құрылымдарға жүктеуге бағытталған әрекет, – деп жазды басылым.

Сонымен бірге Брюссельде, сарапшылардың пікірінше, көші-қон саясатын қатаңдату жөніндегі жалпы бағытқа қайшы келетін жоспар да әзірленген. Әңгіме «Ынтымақтастық қоры» туралы болып отыр. Бұл қор көші-қон жүктемесін ЕО елдері арасында қайта бөлуді мақсат етеді. Жоспарға сәйкес, солтүстік және шығыс елдер оңтүстіктегі мемлекеттерден көбірек мигрант қабылдайды немесе Кипр, Испания, Италия және Грекия секілді елдерді қолдау үшін ортақ қорға қаржы аударады.

 

Серіктес жаңалықтары