Оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударатындарға 9,1 миллион емес, 6,3 миллион теңге берілетін болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушысы Асқарбек Ертаевтың депутаттық сауалға берген жауабында айтылған.
- Ауылдық елді мекендерде тұрғын үй сатып алу үшін экономикалық мобильдік сертификаты немесе облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда тұрғын үй сатып алу кезінде ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарна енгізілді. Ағымдағы жылы тұрғын үй нарығын талдау нәтижелерін ескере отырып, оның мөлшері 1 160 АЕК-тен 1 625 АЕК-ке (6 389 500 теңге) дейін ұлғайтылды. Енгізілген өзгерістер Қазақстан Республикасы Парламенті сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаевтың Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарының қорытындылары бойынша берілген тапсырмалармен де сәйкес келеді және 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді, – дейді Ертаев.
Ертаевтың сөзінше, Ұлттық статистика бюросының 2025 жылдың 9 айдағы деректері бойынша 1 326 мың адам қоныс аударды, оның ішінде облысаралық қоныс аударуда - 619 мың адам, бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңінен 22,7 пайызға жоғары (1 080 мың адам). Бүгінгі күні ерікті түрде қоныс аудару тетігі оңтүстік өңірлерден солтүстік өңірлерге еңбек ресурстарын қайта бөлуге және жұмыс іздеп жүрген адамдарға, жұмыссыздарға жұмысқа орналасуға жәрдемдесуге бағытталған негізгі шаралардың бірі болып табылады. Мәселен, ерікті түрде қоныстандыру бағдарламасын іске асырған сәттен бастап қоныстандыру өңірлеріне 66,2 мың адам қоныс аударды, оның ішінде 3,6 мың адам немесе 6 пайызы қайтып оралды.
ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ
Еске салайық, бұған дейін депутат Ерлан Саиров солтүстік пен шығысқа көшетіндерге 9,1 млн теңге беруді ұсынған болатын.