×
519.61
610.13
6.54
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
519.61
610.13
6.54

Жол жабылғанын елемеген жүргізушілер 118 мың теңге айыппұл төлейді

Бүгін, 11:24
Жол жабылғанын елемеген жүргізушілер 118 мың теңге айыппұл төлейді
amazonaws.com

Жолдың жабылғаны туралы ескертуді елемей, тыйым салынған кезде қозғалысқа шыққан жүргізушілер 118 мың теңге көлемінде айыппұл төлейді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қыс мезгіліндегі жол қауіпсіздігін ескерусіз қалдырып, жабық бағытқа әдейі шыққандар заң алдында жауап береді. Қолданыстағы талапқа сәйкес, жолдың уақытша жабылғаны жөніндегі хабарламаны назарға алмағандарға 118 мың теңге айыппұл салынады.

КТК мәліметінше, бұл жаза ережені алғаш рет бұзғандарға қолданылады. Ал құқықбұзушылық қайталанған жағдайда, жүргізушіні 15-тен 20 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу көзделген.

Сонымен қатар, кейбір жүргізушілер жабық жолға шыққан сәтте байланыс жоқ аймақта болғанын, не болмаса ұялы телефон қуаты таусылып, шектеу туралы хабарламаны көрмегенін алға тартады. Мұндай жағдайларда уәкілетті органдар ереже бұзылған уақытты және мән-жайды нақтылап, соған сәйкес шешім қабылдайды.

— Құқықбұзу қайталанса, әкімшілік қамауға алу шарасы қолданылуы мүмкін. Бұл әрекет Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 667-бабына сәйкес қарастырылады. Негізінен мұндай істерді полиция органдары жүргізеді. Қазір нақты мәлімет толық емес, бірақ бұған қатысты әкімшілік жауапкершілік бар екенін атап өтеміз, дейді Төтенше жағдайларды жою департаментінің бас маманы  Магомед Ахриев. 

Серіктес жаңалықтары