×
519.61
610.13
6.54
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
519.61
610.13
6.54

Сауалнама: Украиналықтардың басым бөлігі Донбастан Украина әскерін шығаруға қарсы

Бүгін, 14:29
Сауалнама: Украиналықтардың басым бөлігі Донбастан Украина әскерін шығаруға қарсы
Фото: Dan Bashakov/AP Photo/picture alliance

Украиналықтардың төрттен үш бөлігі Донбас облысынан украин әскерін шығаруға және қарулы күштердің санын шектеуді көздейтін бейбіт келісім жоспарын қабылдауға болмайды деп есептейді, деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

Киев халықаралық социология институты укариналықтар арасында әлеуметтік сауалнама жүргізген. Респонденттердің арасында 72%-ы соғысты қазіргі майдан шебінде тоқтатуды және Украинаның қауіпсіздігіне кепілдіктер беруді көздейтін бейбітшілік жоспарына келісуге дайын, бірақ басып алынған аумақтарды ресми түрде Ресейдің жері деп тануға қарсы. Ал сауалнамаға қатысқарнадың 14%-ы бұндай жоспарға да қарсы.

Институт сауалнаманы 26 қараша мен 13 желтоқсан аралығында жүргізген. Барлығы сауалнамаға 547 респондент қатысқан.

Украиналықтар соғыстың жақын арада аяқталуын күтпейді

Сауалнамаға қатысқандардың тек 9%-ы Ресейдің басқыншылығы 2026 жылдың басына дейін аяқталады деп күтеді. 14%-ы бұл келесі жылдың бірінші жартысында болады деп үміттенеді. 11%-ы — 2026 жылдың екінші жартысында, 32%-ы — 2027 жылы немесе одан кейін деп санайды. Әр үшінші респондент «білмеймін» деп жауап берген.

Сауалнама нәтижесі бойынша, украиналықтардың 63%-ы соғысты қанша уақыт қажет болса, сонша уақыт көтеруге дайын. Тағы 15%-ы алты ай немесе бірнеше айға төзуге дайын, 1%-ы шамамен бір жылға дайын екенін айтқан. Респонденттердің 21%-ы бұл сұраққа жауап бере алмаған.

Украиналықтар Зеленскийге сенеді

Президент Владимир Зеленскийге респонденттердің 61%-ы сенеді, 32%-ы сенбейді.

Президенттік сайлау туралы сұраққа 57% респондент «сайлауды тек бейбіт келісім жасалып, соғыс толық аяқталғаннан кейін ғана өткізуге болады» деп жауап берген. 25%-ы «атысты тоқтату және қауіпсіздік кепілдіктері берілген жағдайда сайлау өткізуге болады» деп санайды. Респонденттердің 9%-ы ғана «сайлау әскери қақтығыс жағдайында да өтуі керек» деп есептейді.

 

Серіктес жаңалықтары