×
519.61
610.13
6.54
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
519.61
610.13
6.54

Зеленский АҚШ пен Украина арасындағы жаңа келіссөздер туралы мәлімдеме жасады

Бүгін, 08:05
Зеленский АҚШ пен Украина арасындағы жаңа келіссөздер туралы мәлімдеме жасады
Фото: Украина президентінің кеңсесі

Зеленский АҚШ пен Украина арасындағы жаңа келіссөздер Майамиде өтуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 ТОЛЫҒЫРАҚ

Украина президенті Владимир Зеленский Нидерланд премьер-министрі Дик Схофпен өткен бірлескен баспасөз мәслихатында АҚШ пен Украина арасындағы жаңа келіссөздер раундының өтуі мүмкін екенін мәлімдеді.

Оның айтуынша, америкалық тарап 20 тармақтан тұратын жаңартылған бейбіт жоспарды Ресейге жолдайды. Ресейдің жауабын алғаннан кейін Украинамен жаңа кеңес өткізу жоспарланып отыр.

АҚШ шенеуніктері келесі келіссөздер Майами қаласында өтуі мүмкін екенін хабарлады. Ал Зеленский баспасөз мәслихатында бұл кездесулерге өзі қатыспайтынын, келіссөздерді екі елдің арнайы келіссөз топтары жүргізетінін нақтылады.

Серіктес жаңалықтары