×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қазақстанда сүт бағасы күрт өсті

23.01.2023, 14:38
Қазақстанда сүт бағасы күрт өсті
фото: ашық дереккөзден

Елімізде ауылшаруашылығы өнімдері едәуір қымбаттаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылдың желтоқсанында 2021 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда өсімдік шаруашылығы өнімдері бойынша қант қызылшасының 29,8%-ға қымбаттауы байқалды. Алайда, асханалық қызылшаның бағасы 6,9 пайызға арзандады. Сондай-ақ, өндірушілердің бағасы қиярға 18,5%-ға, пиязға 10,9%-ға, қызанаққа 6,5%-ға және картопқа 2,4%-ға өсті.

Дәнді дақылдар арасында ең жоғары баға өсімі жүгері – 17%, арпа – 13%, күріш – 10,4% және бидай – 9,3% бойынша тіркелді.

Жемшөп дақылдары бір жылда 12,4%-ға, кептірілген бұршақ 8,4%-ға, күнбағыс тұқымдары 5,4%-ға қымбаттады. Баға қырыққабатқа – 0,4%, асханалық сәбізге – 0,3%, зығыр тұқымына – 4,1% және кептірілген жасымыққа – 2,6% төмендеді.
 
Мал шаруашылығы бойынша бір жыл ішінде өндірушілердің бағасы шикі сүтке (сиыр, бие, түйе) – бірден 23,7%-ға, жұмыртқаға – 18,6%-ға және балға – 1%-ға өсті. Сонымен қатар тірілей салмақта шошқа 27,7%-ға, құс 10%-ға, жылқы 8,2%-ға, қой мен ірі қара малдың әрқайсысының бағасы 7,4%-ға өсті.

Қой мен ешкіден қырқылған жүн бағасы 14%-ға арзандады.