×
514.31
603.03
6.4
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
514.31
603.03
6.4

Әртістердің гонорары мереке қарсаңында 35 миллионға дейін өскен

Бүгін, 12:01
Әртістердің гонорары мереке қарсаңында 35 миллионға дейін өскен
Ulysmedia.kz коллажы

Қазақстандық танымал әртістердің бірқатарының гонорары 100%-ға дейін өскен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ивент-агенттіктің негізін қалаушы Олег Ходыкин бағаның не себепті қымбаттағанын түсіндірді. Оның айтуынша, сахналық жабдықтарды жалға алу, ұшып-қону шығындары мен командалардың еңбекақысы айтарлықтай өскен. Бұл туралы digitalbusiness.kz жазады. Сонымен қатар, қазір тапсырыс берушілердің 90%-ы отандық әртістерді таңдауға бейім. Себебі қазақстандық орындаушылар өз өнерінің сапасын арттырып, әлеуметтік желілер арқылы белсенді жұмыс істеп, жастар арасында танымал бола түскен.

Бағаға келсек, бастапқыда компания 5 млн теңгеге бағалаған корпоративтік шараның түпкілікті құны 12–15 млн теңгеге дейін жетуі мүмкін. Ал топ деңгейіндегі орындаушыны шақыру үшін «жұмыс істейтін» бюджет ретінде Ходыкин 20–30 млн теңгені атайды. Бірақ бұл да шегі емес.

– «Ирина Кайратовнаның» өнер көрсеткенін бәрі қалайды. Оларға сұраныс бос күндерден де көп. Одан кейін өтінімдерде үнемі қайталанатын есімдер бар: Мирас Жүгінісов, Sadraddin, Қайрат Нұртас және басқалары. Гонорардың нақты сомасын айта алмаймын, бұл – құпия ақпарат. Бірақ интернетте көрсетіліп жүрген топ әртістер үшін шамамен 35 млн теңге деген сома шындыққа жақын, – дейді ол.

Серіктес жаңалықтары