×
514.31
603.03
6.4
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
514.31
603.03
6.4

Грузия билігі шетелде тұратын азаматтарына сайлауда дауыс беруіне тыйым салды

Бүгін, 13:57
Грузия билігі шетелде тұратын азаматтарына сайлауда дауыс беруіне тыйым салды
Фото: AFP

Шетелде тұратын Грузия азаматтары жалпыұлттық сайлауларға тек ел аумағында ғана дауыс бере алады. Грузия парламенті сайлау кодексіне енгізілген тиісті түзетулерді мақұлдады, деп хабарлайды Ulyscmedia.

Мән-жай

SOVA грузин интернет-басылымының мәліметінше, жаңа сайлау заңнамасындағы басты жаңалықтардың бірі — шетелдерде сайлау учаскелері бұдан былай ашылмайды. Муниципалдық сайлаулар сияқты, 2028 жылы өтетін парламенттік сайлау да тек Грузия аумағында ұйымдастырылады.

Түзетулер авторларының бірі, парламенттің құқықтық мәселелер жөніндегі комитет төрағасы, биліктегі «Грузин арманы» партиясының депутаты Арчил Гордуладзенің айтуынша, шетелде жүрген Грузия азаматтары дауыс беру үшін сайлау күні елге оралуына мүмкіндік бар.

«Оппозицияның жаңа түзетулер шетелдегі грузин диаспорасы өкілдерін сайлауға қатысу құқығынан айырады деген барлық мәлімдемелері негізсіз алыпқашпа сөз», — деді ол.

Арчил Гордуладзенің айтуынша, ел аумағынан тыс жерде дауыс беруге тыйым салу шетелде тұратын грузин сайлаушыларының ерік білдіруіне «сыртқы араласудың» алдын алу қажеттілігімен байланысты. Бұған дейін Грузия парламентінің төрағасы Шалва Папуашвили де елдің егемендігін қорғау және «сыртқы ықпалдың» жолын кесу қажеттігін бірнеше рет мәлімдеген болатын. Оның пікірінше, шетелде тұратын азаматтар өзге мемлекеттердің ықпалында болуы мүмкін әрі Грузиядағы нақты жағдайдан хабарсыз.

Оппозиция қарсылығы

Аталған түзетулер ел ішінде де, халықаралық деңгейде де өткір сынға ұшырады. Оппозиция бұл шектеу оппозицияны қолдайтын негізгі әлеуметтік топтардың бірі — шетелдегі диаспораға қарсы бағытталған деп есептейді. Билік осылайша, сайлау нәтижесін шетелде тұратын азаматтардың дауысы айқындаған Молдоваға ұқсас сценарийдің алдын алуға тырысып отыр. Қазіргі уақытта Грузиядан тыс жерде шамамен 1,5 миллионға жуық азамат тұрады.

 

 

Серіктес жаңалықтары