×
513.55
602.09
6.42
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
513.55
602.09
6.42

Зеленский Украинадағы сайлаудың форматы туралы айтты

Бүгін, 08:05
Зеленский Украинадағы сайлаудың форматы туралы айтты
Украина президентінің баспасөз қызметі

Украинада президент сайлауын өткізу форматы мен шетелдегі азаматтар үшін электронды дауыс беру мәселесі талқыланып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Тек президент сайлауы

Украина билігі әзірге тек президент сайлауын өткізу мүмкіндігін қарастырып отыр. Ал парламенттік және жергілікті сайлау науқандары күн тәртібінде жоқ. Бұл туралы президент Владимир Зеленский журналистермен әңгіме барысында мәлімдеді. Оның айтуынша, әскери жағдай кезінде сайлау өткізуге арналған арнайы заң жобасын әзірлеу бойынша әзірге ілгерілеу жоқ. Зеленский бұл мәселе ашық күйінде қалып отырғанын және қосымша саяси шешімдерді қажет ететінін нақтылады.

АҚШ-тың ұстанымы

Мемлекет басшысы халықаралық әріптестер тек президент сайлауына қатысты мәселе көтергенін айтты. Әңгіме парламенттік немесе жергілікті сайлауларды қозғамай, тек президенттік науқан жайында болған. Зеленскийдің сөзінше, АҚШ тарапынан да тек мемлекет басшысын сайлау мәселесі талап етілген, талқылаудың негізгі өзегі де осы болған.

Электронды дауыс беру

Сонымен қатар, Украина президенті дауыс берудің ықтимал форматтарына жеке тоқталды. Ол электронды дауыс беру жүйесін енгізу идеясын бұрыннан қолдап келе жатқанын, оның ішінде «Дія» қосымшасы немесе өзге де цифрлық құралдар арқылы дауыс беру мүмкіндігін атап өтті.

- Мен ковидтің басынан бастап адамдардың онлайн дауыс беруіне мүмкіндік беру үшін заңнамалық өзгерістер енгізу мәселесін үнемі көтеріп келемін. Алайда әзірге парламент депутаттарымен ортақ келісімге келе алмадық, – деп түйіндеді ол.

Зеленский электронды дауыс беру шетелде жүрген украиналықтар үшін аса өзекті екенін айтып, дәл осы азаматтар санаты үшін мұндай формат бірінші кезекте қарастырылып отырғанын атап өтті.

Серіктес жаңалықтары